Абайдың тілдік әлеміндегі «ақыл» концептісі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-50-59
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Абай шығармаларының тіліндегі «ақыл» концептісі вербализациясы мен дефинициясының мағыналық аясы лингвоконцептологиялық тәсілдеме тұғысынан талдауға түседі. Қазақ тіл білімінде Абай тіліндегі «ақыл» концептісі арнайы зерттеу нысанына алынбаған. Абай тіліндегі «ақыл» концептісі қазақ халқының дүниетанымымен, ислам танымымен тығыз байланысты, сонымен бірге тек ақынның өз шығармашылығына ғана тән қолданысы мен мағыналық еерекшеліктері бар. «Ақыл» концептісіне қатысты мағыналар ақыл, ғақыл, ғылым, ой, көз, сәуле, зерек сияқты т.б. сөздер арқылы білдіріліп, суық ақыл, суық мұз ақыл, нұрлы ақыл, ақылдың көзі, әділетті ақыл, ақыл өлшеулі т.б. сөз тіркестерінде нақтылана түседі. «Ақыл» конептісінде тану, ғылым-білімді меңгеру, пайда-зиянды айыру, салыстыру, тексеру, талдау сияқты т.б. қасиеттер бар. Абайдың тілдік әлеміндегі «ақыл» концептісінде ақыл өлшеулі. Оның өлшеулілігі басқа дүниені тани алмауында емес, Алланы тануға қатысты көрінеді. Алладан басқа барша жаратылысты ақыл тани алады. Абай ақылдың үнемі дамып отыратын құбылыс екендігіне көңіл аудартады. Бірақ ақыл бала кездегі білуге деген құмарлықты тәрбиелеп, ізденіп, ұстаздан оқу арқылы дамиды.