Ассоциациялық тәжірибе және тілдік сана

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-70-79
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі антропоцентристік зерттеу парадигмалары аясында ассоцациялық тәжірибенің этностық сананы зерттеудегі рөлін саралайды. Оны тілдік сананы жан-жақты зерттеуде, оны құрылымдау, модельдеу бағытында белсенді қолданылатын әдіс ретінде таниды. Тіл мен этностың әлемнің тілдік бейнесін танудағы ерекшелігі сөз болады. Ассоциациялық тәжірибе мәдени, тарихи, танымдық байланыстарды анықтаудағы тиімді әдістердің бірі болып табылады. Әсіресе, зерттеу нысаны ретінде этнографизмдерді ала отырып, олардың қазіргі жастардың таным-түсінігінде репрезентациялануын айқындау ұлттық-мәдени ерекшеліктерді тануда маңызды фактор екенін ескерген жөн. Тәжірибе барысында этнографизмдердің уақытпен, тұрмыстық бұйымдармен, қашықтықпен, қолөнермен байланысты семантикалық топтарынан он стимул сөз ұсынылды. Респонденттердің стимул сөзге қатысты жазған ассоциациялары негізінде оның семантикалық жақындықтары, вербалды ассоциациялық байланыстары нақты тілдік деректер негізінде талданды. Соның барысында реакция сөздердің бірнеше топтары анықталып, пайыздық көрсеткіштері сараланды. Талдау негізінде стимул сөздермен бір мағыналық өріс құрайтын, атрибуты ретінде қолданылатын, бағалауыштық сипаты бар реакция сөздердің сандық, сапалық ерекшеліктері айындалды. Ассоциациялық тәжірибе барысында алынған нәтижелерге сүйене отырып, әрбір этнос мүшесі пайдаланған реакция сөздердің қоғамдық санамен ұштасуы талданады. Ассоциация тудыру жеке адамның ақпаратты қабылдап, сақтауы, оны өңдеп жеткізуі ғана емес, оның тілдік санасының бір фрагменті ретінде ғана қарастырылады. Жинақталған материалдар қазақ жастарының санасында халықтың салт-дәстүрінде, тұрмыс-тіршілігінде, таным-түсінігінде қалыптасқан дүниелердің сақталғандығын көрсетіп отыр. Бұл әлем моделін, дүниенің концептуалды бейнесін, қоғамға тән ұлттық-танымдық ерекшеліктерді тануға мүмкіндік береді.