Әбіш Кекілбаев және шешендік дәстүр

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-167-179
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ділмарлық пен шешендік қасиет – сөзді қадірлеген ата-бабаларымыздан келе жатқан руханият мұрасы. Ауыз әдебиетінен бастау алатын шешендік өнер кейін жазба әдебиетінде жалғасын тауып, жаңа әдебиеттің идеялық-көркемдік сапасының бір қыры ретінде қалыптасты. Әдебиеттегі сол ділмарлықты дамытып біздің заманымызға жеткізген, орайлы айшықтармен, ұтқырлы тапқырлықпен жасанта түскен қаламгердің бірі – Әбіш Кекілбаев. Жазушы шығармашылығын шешендік дәстүр жалғастығы тұрғысынан зерделеп, қаламгердің шешендік мұрасына баға беру – қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әдебиетін, оның ішінде проза мен публицистика жанрларын дамытуда Ә.Кекілбаевтың еңбегі зор десек, прозадағы суреткерлікті, атап айтқанда қиюын тауып, қиыннан қиыстыра баяндау мен көркем бейнелеудегі шешендікпен өрілген жазушы щеберлігінің орны үлкен. Жазушының «Үркер», «Елең-алаң» және «Аңыздың ақыры» романдарындағы қазақтың шешендік дәстүрінің бейнеленуі мен жазушы тілінің шешендік қырлары – назар аударуға тұрарлық құбылыс. Суреткердің публицистикасы мен сөйлеген сөздеріндегі шешендік қуат, дәлелділік пен ділгірлік, айтқыштық қасиет – жас ұрпақ үшін ұлттық құндылықтарға тәрбиелейтін үлкен мектеп. Мақалада Ә.Кекілбаевтың көркем прозасы мен публицистикасындағы, сөйлеген сөздеріндегі көрінетін айрықша ерекшеліктердің бірі – қиыннан қиыстырып, қисынын келтіріп, тереңнен қаузап сөйлейтін айтқыштық, тапқырлық, ұтқырлық қасиетіне негізделген шешендік-дәлмарлық қырлары қарастырылады. Көркем прозасы мен көсемсөзіндегі, сөйлеу тіліндегі шешендіктің сырлары, ұлттық шешендік дәстүрді дамытудағы орны нақты мысалдармен дәлелденеді.