Қазақ және ағылшын халқының ұлттық мінез ерекшеліктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-131-142
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу жұмысы тақырыпқа сай қазақ және ағылшын халқының ұлттық мінезін сипаттайды. Жұмыстың мақсаты – екі тілдегі ұлттық мінез-құлықтың ерекшеліктерінің көрінісін әр ұлтқа тән мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер негізінде анықтау. Зерттеу барысында қазақ халқына және ағылшын халқына тән мақал-мәтелдерден нақты мысалдар беріліп, олардың астарлы мән-мағынасы ашылады. Осы тақырып аясында зерттеу жүргізген отандық және шетелдік зерттеушілердің тұжырым-пікірлері назарға алынады. Екі ұлттың дәстүрлі психологиясы мен дүниетанымына сай түрлі мінез ерекшеліктері сипатталады. Олардың өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары тұжырымдалады. Лексико-фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердегі ұлттық мінезді сипаттау амалдарын зерттеу мақсатында ой қорыту, талдау, салыстыру тәсілдері қолданылады. Семантикалық талдаудың негізінде екі ұлттың мінез-құлық ерекшеліктері өмір сүру ортасы, салт-дәстүрі, қоғамдық таным мен адамдар арасындағы қарым-қатынас сипатына сай анықталады. Ұлттық мәдениет пен ұлттық мінез ұғымдарының мәні сараланып, объективті сипатта айқындалады. Зерттеу жұмысында екі ұлттың жеке адамдарына ғана емес, отбасыға, қоғамға ортақ мінез-құлық ерекшеліктері қарастырылады. Екі ұлтқа тән мінез-құлық сипатының ерекшелігін көрсететін мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді анықтау мақсатында https://melodict.com интернет ресурсы және Oxford Dictionary of English idioms сөздігі қолданылып, деректі мысалдар жинақталады.