Мәдениетаралық қарым-қатынастағы шетелдік студенттердің мәдениаралық құзыретін қалыптастыру ерекшеліктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-260-271
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі уақытта білім беру үдерісінде мәдениетаралық қарым-қатынас мәселесінің өзектілігі, білім беру үдерісінде шетелдік студенттердің елдің мәдениетін білсе, оқу үдерісі сәтті болатынын ескеру керектігі жайлы сөз болады. Мақаланың мақсаты - мәдениетаралық қарым-қатынаста шетелдік студенттердің мәдениетаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру. Шетелдік студенттерді мәдениеттер арасындағы айырмашылықты көруге, басқа мәдениеттің ерекшеліктерін түсінуге үйрету маңызды болып табылады. Кездесетін қиындықтарды жеңу үшін, сондай-ақ, басқа мәдениетке деген сенім мен құрметті тудыратын сөйлеу этикетіне ие болу керек. Коммуникативтік қарым-қатынас кезінде сенімді болуға мүмкіндік береді. Мақаланы жазу барысында теориялық, әдіснамалық, салыстырмалы, логикалық, мазмұнды талдау әдістерімен бірге басқа да зерттеу әдістері пайдаланылды. Теориялық еңбектерге де талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде мәдениетаралық қарым-қатынаста шетелдік студенттердің мәдениетаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері тақырыбына қатысты басылымдар мен еңбектерге, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, ондағы тақырыптар ғылыми негіз ретінде назарға алынды.