Қазақ әдебиетінде бақсылықтың зерттелуі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-193-202
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада тәңірлік дәуір өкілінен саналатын бақсылық, оның қазақ ғылымында зерттелу мәселесі талданады. Көп жылдар бойы қуғын көріп, жөн-жосықсыз теріс сипаттар жамалып, оң, обьективті бағасын ала алмай келген бақсылық өнері жайында айтылған пікір, пайымдар жүйеленіп, зерттелу кезеңдері анықталды. Ғасырлар бойы халық жадынан өшпеген бақсылықтың ғылым, адамзат баласы үшін қажеттілігі мен пайдасы көрсетіліп, бақсының профессионалдық тұлғасын айқындауға үлес қосқан ғалымдар еңбектері зерделенді. Ғылымда исламға дейінгі тәңіршілдік, митраизм, зороастризм, шаманизм сынды дәстүрлердің көп зерттеліп, талданбай жатқандығы әрі әлеумет тарапынан қызығушылық тудыратыны белгілі. Түркілік кезеңнен бастап қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында өзіндік орны бар бұл сенімге айтулы ғалымдардың берген бағалары мен тұжырымдары сараланып, бақсылықтың ерекше қырлары сыни талдаудан өткізілді. Авторлар қазақ даласындағы исламға дейінгі наным-сенімнің бірі – бақсылықтың отандық ғылымда зерттелуіне тоқталғанда герменевтикалық, сипаттау, тарихи баяндау, қажет деп тапқан тұстарында тарихи-аксиологиялық әдістерді қолданды. Нәтижесінде көне заманнан жеткен бақсылық өнерге деген көзқарастың бүгінде өзгергені бағамдалып, таразыланды. Ол діни дүниетанымның тарихын білумен қатар, діни көзқарастың үйлесімділігі үшін маңызды. Сонымен бірге, ұлттық бірегейлікті нығайтуда да өзіндік мәні бар.