ҚАЛАЛЫҚ ПРОЗАДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ТИПОЛОГИЯСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.1.76.032
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ әдебиетіндегі қала тақырыбында жазылған шығармалардағы кейіпкерлердің типологиясы және олардың негізгі белгілері мен ерекшеліктері қарастырылған. Көркем шығармалардағы қала мәдениетінің негізгі өкілдері ретінде өнер адамдарының бейнелеріне ерекше назар аударылған. Қаладағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты адамдардың топтанулары арқылы әдеби туындыларда «қала халқы» ұғымының қалыптасу мәселелесі зерттелген.Зерттеудің негізгі мақсаты – қала мәдениетін құрушы көркем бейнелерді анықтау және қазіргі қаланың көркем сұлбасы мен қоғамдағы орнының әдебиетте көріну ерекшелігін саралау. Сонымен бірге мақалада қазақ әдебиетіндегі постмодернизм ағымы мен оның көркемдік амалдары арқылы қалыптасқан «қалалық» ұғымының көркемдік табиғаты талданды. Зерттеуде алғаш рет қазақ әдебиетіндегі қала тақырыбына байланысты шығармалардағы кейіпкерлердің типтік бейнелері зерделенген. Қалалық кейіпкерлердің бейнелері Рақымжан Отарбаев, Мұхтар Мағауин, Дүкенбай Досжан, Асқар Алтай, Роза Мұқанова, Ерболат Әбікен сынды авторлардың шығармалары арқылы талданып, көрсетілген. Жоғарыда аталған авторлардың шығармаларында берілген бейнелер мен сюжеттерді талдау қазақ әдебиетіндегі қала өмірінің күрделілігі мен алуан түрлілігін көрсетеді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы әдеби туындыларда суреттелген қала бейнесінің қазіргі қазақ әдебиетінде қалыптасуы мен оны жасауда қолданылған көркемдік әдістерді саралау және әдеби үдерістегі жаңа бағытты айқындауымен ерекшеленеді. Зерттеудің тәжірибелік жағы әдеби шығармалардағы қала тұрғындарының өзара қарым-қатынасы мен қалалықтардың қазіргі қоғамның әлеуметтік және мәдени өзгерістеріне қатынасын әдеби талдаудан көрінеді. Зерттеу жұмысында герменевтикалық, салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылған. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі қала тұрғындарының бейнесін жіктеп, типологиялық сипатын анықтау барысында шетелдік және отандық ғылыми еңбектер басшылыққа алынған.Зерттеу жұмысында алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында әдебиет теориясы мен поэтикасы сияқты теориялық курстарды оқытуда, арнаулы курстар мен семинарларда, қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың қалыптасуын зерттеуде қолдануға болады. Зерттеудің құндылығы қазіргі әдеби үдерістегі жаңа бағыттар мен жаңа сипаттағы типтік бейнелердің қалыптасу жолын көрсетуімен сипатталады. Мақаланың қорытындысында алынған негізгі тұжырымдар арқылы қазіргі қазақ әдебиетіндегі қала бейнесі арқылы қалыптасқан заманауи ұғымдар мен қазіргі адамның дүниетанымы мен өмірлік философиясын танытуға болады.