ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІЛЕР МӘТІНІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК СТРАТЕГИЯЛАР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.1.76.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада жануарлар туралы қазақ халық ертегілерінде жүзеге асатын коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар қарастырылады. Ертегі мәтіндерін талдау нәтижесі коммуникативтік стратегия диалог түрінде басым орын алатынын көрсетті. Зерттеу мақаланың мақсаты жануарлар туралы ертегілер мәтініндегі коммуникативтік стратегиялар мен тактикалардың жасалу жолдарын айқындау. Мақаланың ғылыми және практикалық маңызы жануарлар туралы ертегілерді талдаудан және коммуникативтік стратегияның бес түрлі тактикасы анықталған. Зерттеу әдістемесінде жалпы ғылыми және арнайы лингвистикалық зерттеу әдістері пайдаланылды. Синтез, бақылау, анализдеу, сипаттамалық, контекстік-интерпретациялық, конверсиялық талдау әдістері аясында жануарлар туралы ертегілердегі коммуникативтік стратегиялар анықталған. Жануарлар туралы ертегілер В.Я. Пропп, С. Қасқабасов теорияларымен қарастырылды. Коммуникативтік стратегия ұғымы О.С. Иссерс, Е.П. Ильин пікірлеріне негізделген. Зерттеу негізінде коммуникативтік стратегиядағы мынадай бес түрлі тактика анықталды: бағалау, мақтау, ұсыныс, сендіру, өтініш. Сонымен бірге ертегі кейіпкерлерінің диалог құрудағы ерекшеліктері кезінде де бес түрлі тактика қолданылады. Коммуникативтік стратегияның бірі әрі негізгісі – бағалау категориясы. Аталған ұғымды қарастыра отырып, коммуникативтік стратегиялар ретінде сөйлеушінің бағалау стратегияларын жүзеге асыруға ықпал ететін жағымды/жағымсыз әрекеттерге, құбылыстарға, объектілерге қатысты сезімдері мен коммуникативтік көзқарастарын білдіруге негізделген экспрессивті мақсаты бар сөйлеу әрекеттерінің жиынтығы деп түсінеміз. Осылайша жануарлар туралы ертегілердегі мақтау тактикасының бағалау пәні – адамның адамгершілік және ақыл-ой қасиеттері, іс-әрекеттері, адамның сыртқы келбеті немесе мінез-құлқы. Зерттеу мақала нәтижелерінің практикалық маңыздылығы филология саласында ертегілердегі коммуникативтік стратегия, ертегі кейіпкерлері арасындағы тактика ұғымдарын нақтылай түседі.