ПОЛЬШАНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ КӨШІ-ҚОНЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2025.85.1.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ұл мақала Польша Республикасындағы репатриация саясатының жүзеге асырылуын зерттеуге арналған. Соңғы онжылдықта Польша үкіметі шетелдегі ұлты поляк адамдарды тарихи отанына оралуына жағдай жасайтын этникалық көші-қон саясатын белсенді жүргізіп келеді. Халықаралық қатынастарда Польшаның репатриация саясатындағы тәжірибесі оң бағаланады. Этникалық көші-қонды ұйымдастыруда мемлекеттік басқару жүйесін, заңнамалық базасын, кешенді әлеуметтік қолдау бағдарламаларын қабылдауының арқасында біршама нәтижелерге қолжеткізілді. Дегенмен, репатрианттардың жаңа ортаға бейімделуі, құжаттандырылуы, жергілікті халықпен қарым-қатынас орнатуы кезеңдерінде бірқатар қиындықтар туындайды.Осыған орай, бұл зерттеуде авторлар Польшаның репатриация саясатына талдау жасап, оның ішінде құжаттандыру, бейімдеу мәселелері және әлеуметтік қолдау шараларын зерделеген. Тарихи деректерге шолу жасалып, ресми статистикалық мәліметтер талданған. Әр жылдары қабылданған нормативтік құқықтық актілері және мемлекеттік бағдарламалары сараланып, репатриацияның әлеуметтік және экономикалық салдары, құқықтық және саяси аспектілері талқыланған. Сондай-ақ, мақалада диаспора саясаты мәселелеріне де ішінара тоқталып өттік.Жалпы, тарихи отанына көшіп келушілерді мемлекеттік қолдаудың барлық сатылары сипатталған. Зерттеу еліндегі этникалық көші-қонның ұйымдастырылуы кезіндегі тәжірибесі мен кемшін тұстары анықталған.