Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның тұрақты даму стратегиясындағы экологиялық саясаттың негізгі аспектілері мен оның маңыздылығы қарастырылады. «Жасыл экономика» мақсаттарына қол жеткізудің негізгі факторы ретінде экологиялық жауапкершілік ұғымына ерекше көңіл бөлінген. Көміртек ізін азайтуға, жаңартылатын энергия көздеріне көшуге және экологиялық қағидаларды корпоративтік стратегияларға интеграциялауға бағытталған халықаралық және ұлттық тәжірибелер талданады. Ғаламдық сын-қатерлер мен ұлттық басымдықтарды ескере отырып, мемлекеттік экологиялық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалған.