ДЕОБАНД МЕКТЕБІНІҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ МАТУРИДИ МЕКТЕБІМЕН БАЙЛАНЫСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i1.546
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Деобанд мектебінің қалыптасу тарихы, ғылыми бағыты мен әһлі хадис танымы негізінде қалыптасқан діни санасы, жалпы дүниетанымдық эволюциясы талданады. Сонымен қатар жалпы ақидалық бағыты, дәлірек айтқанда; хабари\муташәбиһ сиппаттарға қатысты ұстанымдары мен «иман» ұғымына қатысты көзқарастары баяндалып, оған Матуриди мектебі негізінде салыстырмалы талдау жасалады. Бұған қоса Деобанд мектебінің фиқһтық көзқарастары, сол көзқарастарды негіздеп отырған кітаптарға жеке-жеке тоқталып ол кітаптардың барлығы Ханафи мәзһабының канондық мәтіндерімен үндесіп-үндеспейтіні баяндалады. Себебі аталмыш кітаптар олардың оқу бағдарламасында жеті жыл бойы оқытылады. Сондай-ақ, сол фиқһ кітаптарының авторларына да сипаттама беріледі. Содан кейін бұл мектептің ханафи бағытында бола тұра, олардың консерватистік бағытқа ойысу себептері айқындалады. Сол арқылы Деобанд бағытының сенім платформасы мен дүниетанымдық тірегі, яғни әһлі хадистік танымы қазіргі ұстанымдарына қалай әсер еткендігі көрсетіліп, өткені мен бүгіні арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде талданады. Түйін ретінде аталмыш мектеп ғалымдарының Ханафи\Матуриди мектебімен арадағы байланысына баға беріледі. Осылайша Деобанд мектебінің эволюциясы қазіргі таңдағы қазақ қоғамында танылған Ханафи\Матуриди мектеп ұстанымдарымен қаншалықты сәйкесетіндігі анықталып, тұжырым жасалады.