АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i1.520
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әдебиет тарихын және тіл мен сөз өнерінің даму заңдылықтарын теориялық талдау болмыстың бірқатар күрделі мәселелерін шешуді талап етті. Сондықтан, Ахмет Байтұрсынұлы дүниетанымын сипаттайтын мұралары тілдің философиялық мәселелері мен көркем әдеби шығармашылықтың дамуында үлкен орын алады. Ахмет Байтұрсынұлы дүниетанымы тәуелсіздігімен және сөз, тіл, сөйлеу ғылымының бірқатар күрделі мәселелерін шешудің өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, оның тіл философиясы бүгінгі күнге дейін өз мағынасын жоғалтпағанына күмән жоқ, өйткені, біздің заманымыз тіл білімінің философиялық негіздері күрделі және аз дамыған болып қала береді. Бұл жағдай бізге қазақтың көрнекті ақыны, ғалымы мен философының дүниетанымының алғышарт-тарын жан-жақты және тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Мақалада Ахмет Байтұрсынұлы дүниетанымы бойынша табиғаттың пәндік әлемі мен адам әлемі арасындағы байланысты анықтаудың қажеттігі баяндалады. Сонымен қатар, қазақ тілінің әліпбиін жетілдірудің алғышарттары, бұл тұрғыда Ахмет Байтұрсынұлы идеясының қазақ сөзін қолжетімді, үнемді және эстетикалық тұрғыдан жоғары дәрежеге көтеруге ықпалы келтірілген. Зерттеу барысында тақырыпқа сәйкес негізгі кілттік сөздер бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге мета-талдау жүргізілді. Нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы дүниетанымын, саяси көзқарасын мазмұндық жағынан тереңірек ашуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» білім бағытының студенттерімен сауалнама, сұхбаттасу әдістері ұйымдастырылды. Сандық және сапалық зерттеулерге қатысқан білім алушылар Ахмет Байтұрсынұлы дүниетанымы мен саяси көзқарасының қалыптасуына әсер еткен факторлар туралы білімдерін қалыптастырды.