РАБҒУЗИДІҢ ДІНИ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ «ТОПЫРАҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ МИСТИКАЛЫҚ-МИФОЛОГИЯЛЫҚ КОНЦЕПТ РЕТІНДЕ НЕГІЗДЕЛУІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i1.742
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Бурханаддин Рабғузидің «Қисса-сүл әнбия» еңбегіндегі «топырақ» ұғым-түсінігі концепт ретінде қарастырылды. Осыған орай, әлемдік мистерия мен натурфилософиядағы бастапқы субстанциялар, оның ішінде, Жер (топырақ) субстанциясына шолулар жасалды. Рабғузидің адамның трансцедентті әлеммен байланысы, табиғатпен қарым-қатынасы және пендеауи экзистенциалды жағдайы туралы түсініктері талданды. Діни наным-сеніміне қарамастан бүкіл әлем мәдениеттеріне ортақ «Адамның саз балшықтан жасалуы» дүниетанымы Адам ата-Хауа ана жұбынан тамыр ала отырып әлемдік мистикалық бастаулардың негізін құрайды. Діни схоластикалық-метафизикалық тұрғыдан келгенде, адамның жан мен тән, ақылдан тұратын біртұтас бірліктегі тәннің жер материясынан жаратылғаны есепті адамның оған деген құрметін және жер беті топырағын әсіресе, түркі-мұсылмандық, оның ішінде қазақ халқында да экзистенциялдық мағынасы бар екендігі топырақ концептісімен салыстыра көрсетілді. Сонымен бірге жер-топырақ ұғымы ұлттық танымда белгілі бір байырғы мистикалық құндылықтар ретінде көрініс табады. Рабғузи шығармашылығындағы түсініктер көшпенділер салт-дәстүрлерінің кодына үңілуді қажет ететіндіктен, ол қазіргі заманғы нарративті діни пайымдаулармен, топырақ концептісін түсіндірушілердің пікірлерімен салыстырылды. Мақалада топыраққа қатысты түсініктердің түркі-қазақ халқының байырғы дүниетанымының діни-мистикалық қырларын ашуға ықпалдасатындығы көрсетілді. Осыған орай, нәтижесінде, топырақ концептісі мен адамның топырақтан жаратылуы туралы мистикалық пайымдауларды тек бір жақты емес, әржақты қырынан қарастырудың негізге бағдарлары мен зерттеу перспективасын көрсеттік.