каз ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ДІНИ РАДИКАЛДЫ АҒЫМДАРҒА КІРУДЕГІ СЕБЕП-САЛДАР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i1.674
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Радикалды діни ұйымдарға кіретін мұсылман әйелдерінің әлеуметтік-психологиялық портреті терең әлеуметтік-мәдени, психологиялық және идеологиялық динамиканы көрсететін әртүрлі факторлардың күрделі өзара әрекеттесуін көрсетеді. Радикалды ұйымдар өз қоғамдарында азаматтық құқығынан айырылған әйелдерді тарту арқылы қоғамдастық пен ынтымақтастық сезімін қамтамасыз етеді. Мақаланың мақсаты - мұсылман әйелдерді радикалды діни ұйымдарға кіруге итермелейтін әлеуметтік-психологиялық факторларды анықтау және зерттеу. Тақырыптың өзектілігі радикалды діни ұйымдарға кіретін мұсылмандардың әлеуметтік-психологиялық портретін зерттеу, тек академиялық құндылыққа емес, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, саясатты құру, қоғамдастықтың тұрақтылығы және қоғамның бірлігі үшін практикалық маңызы бар болуымен анықталады. Мақаланың жаңалығы радикалды ұйымдарға кірген мұсылман әйелдердің әлеуметтік-психологиялық сипаты жасалып, халықтың психологиялық менталитетін ескере отырып, оларды рерадикализациялау бойынша іс-әрекеттер ұсынылады.Мақалада радикалды топтардың қалыптасуы, олардың қоғамдағы рөлі мен радикалды ұйымдардың өздеріне адамдарды тарту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада радикалды топтарға қосылған мұсылман әйелдерден алынған сұхбаттарға талдау жасалынып, оларды осы топтарға қосылуға итермеген себептер мен олардың психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалынды. Итермелеуші себептер мен психологиялық портреті анықталды.