ГЕГЕЛЬ ЖӘНЕ ТАРИХНАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ.

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i1.706
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Г.В.Ф. Гегельдің шығармашылығында тарих философиясы үлкен орын алады. Мақалада бұрынғы тарихнамалық ағымдарға гегельдік сипаттама беріледі, содан кейін оның өзіннің тарих философиясы талданады. Гегель тарих философиясы рухани салада болып жатқан дүниежүзілік тарихи үдерісті зерттеумен айналысу керектігіне баса назар аударады. Дүниеде парасаттылық үстемдік ететіндіктен, бұл үдерістің өрістеуі орынды.Себебі Гегель парасат ұғымына субстанция, шексіз күш, шексіз мазмұн, ақиқат, шындық, қажеттілік, заңдылық сияқты белгілерді кіргізеді. Дүниежүзілік тарихтың түпкі мақсаты – бостандық. Тарих философиясының міндеті - оның қажеттілігінде прогресс қалай жүзеге асатынын білу. Тарих философиясы халықтар мен мемлекеттердің қалай азаттыққа ұмтылғанын, ол үшін ұзақ тарихи кезеңде қаншама құрбандықтар жасалғанын көрсетеді.