Суалған буаз сиырлардың азықтандыру рационына минералды-дәрумендік қосынды қосудың әсері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.1(124).1806
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алғышарттар мен мақсат. Нәтижелі ұрықтанған сиыр буаздығы дұрыс өтіп, эмбрион қарқынды дамып, туғандағы тірілей салмағы жетілген және өміршең бұзауларды алу үшін буаз сиырлардың азық рационын жақсарту қажет. Біздің тәжірибемізде бұл мақсатқа жету үшін буаз сиырлардың азықтану рационын құру кезеңінде алюмосиликатты цеолиттерді салмағының 28 30% мөлшерінде қосып, 1,5-2,0% жасыл хлорелла вулгаристің (Chlorella vulgaris) кептірілген ұнтағынан, 68 70% күнбағыстан дайындалған күнжарадан тұратын цеолитті-хлореллалы премикс қосудың әсері зерттелді. Материалдар мен әдістер. Ғылыми-шаруашылық тәжірибе зерттеулеріне симментал тұқымының аналогты жұптар әдісімен іріктелген буаз сиырлары алынды. Буаз сиырлар азықтандыру рациондарының минералдық дәрумендік қоректілігін буаздықтың цеолитті-хлореллалы премикс қосындысы әр кезеңдегі қоректік қажеттіліктеріне сәйкес енгізілді. Эксперимент барысында алынған мәліметтер биометриялық статистика әдістері арқылы талданды. Нәтижелер. Цеолитті-хлорелла қоспасын тәжірибе топтарындағы буаз сиырлардың азық рационына енгізу, олардың рационындағы минералдар мен дәрумендердің мөлшерін арттырып, буаздықтың барысына және ұрықтың дамуына оң әсер етті. Аналогты бақылау тобындағы сиырлардың көрсеткіштерімен салыстырғанда тәжірибе тобындағы сиырлардың суалтылған күнінен бұзаулағанға дейінгі мерзімі – 4,0±0,6 тәулікке қысқарып, олардың өз тірілей салмақтарын қосуы - 12,3±0,6 кг артты. Сиырлардың салмағының артуы эмбрион дамуына оң әсерін тигізіп, биоүйлесімділігін арттыруынан, туылғандағы бұзаулардың тірі салмағы 42,0±1,7 кг және енелерінің тірі салмағы 7,45% жетсе, бақылау тобындағы бұзаулардың тірі салмағы - 38,9±1,8 кг болып, енелерінің тірі салмағы 6,89% құрады. Зерттелген суалтылған кезеңнің басында тірі салмағы бірдей болған тәжірибе тобындағы сиырлардың кезең соңында салмақ қосуы бақылау тобымен салыстырғанда 9,3%-дан 11,7%-ға дейін жоғарылап, қоңдылығы орта есеппен 3,18 балдан 3,30 балға дейін артты. Бұл жатырдағы ұрықтың жақсы дамуымен қатар сиыр денесінің қоректік заттарының қорын толықтырып, келесі сауымға дайындалуын жақсартты. Қорытынды. Тәжірибеде қолданылған қоспа буаз сиырлардың азық рационындағы минералдар мен дәрумендердің деңгейін арттырып, олардың буаздық кезінде қоңдылығын сақтап, ұрықтың қарқынды дамуына және келесі сауымға қоректік қорды толықтыруына ықпал етті. Нәтижесінде, тәжірибе тобындағы буаз сиырлардың суалу кезеңіндегі тірілей салмағы 10-12%-ға өсіп, жаңа туған бұзаулардың тірілей салмағы аналықтарының салмағының 7-9%-ын құрап, стандартты деңгейде болды.