Тұзға төзімді және бидайдың өнгіштігі мен өскінінің дамуын ынталандыратын көмірде таралған микроағзаларды іріктеу

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.1(124).1827
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алғышарттар мен мақсат. Қазақстанда қоңыр көмірдің қомақты қоры бар, бұл оны тыңайтқыштар мен мелиоранттар өндіру үшін пайдалануға болатын гуминді заттардың маңызды көзі етеді. Жұмыстың мақсаты топырақ құнарлылығын жақсарту және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін органоминералды тыңайтқыштар алуда көмір қалдықтарынан микроағзаларды іріктеу. Материалдар мен әдістер. Қарағанды облысының төмен сұрыпты Күмісқұдық және Кузнецк кен орындары көмірлерінде таралған бактериялар, саңырауқұлақтар мен актиномицеттер саны анықталып, жалпы саны 28 микроағза изоляттары бөлініп алынды. Құрамында 1% натрий хлориді бар тұзды Бёрк қоректік ортада қарқынды өскен Bacillus firmus №2, Microbacterium ginsengiterrae №4, Microbacterium ginsengiterrae №5, Brevundimonas vesicularis №11, Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19, Pseudomonas mandelii №25, Streptomyces parvus №26, Streptomyces parvus №27, Brevundimonas vesicularis №28 штамдары іріктеліп, зертханалық жағдайда бидай дақылының өсуін ынталандыру қасиеті анықталды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей бидай дәнін Bacillus firmus №2, Microbacterium ginsengiterrae №4 и Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19, Pseudomonas mandelii №25, Streptomyces parvus №27 және Brevundimonas vesicularis №28 штамдарының метаболиттерімен өңдегенде бидайдың өнгіштігі, өну энергиясы бақылаумен салыстырғанда біршама жоғары болды. Сондай-ақ Bacillus firmus №2, Microbacterium ginsengiterrae №4, Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19 штамдары бидай өскіндерінің 8,4-12%-ға, ал Brevundimonas vesicularis №19 штамы өскін тамыршаларының ұзындығын 5,8%-ға дейін бақылаумен салыстырғанда өсуін ынталандырды. Қорытынды. Тұзды топырақты биоремедиациялау және дәнді дақылдардың өсуін ынталандыру үшін Bacillus firmus №2, Microbacterium ginsengiterrae №4, Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19 штамдары биопрепарат жасауға ұсынылады.