МЕМЛЕКЕТТІК ЗАЕМШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2025.79.1.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік заем шартын институты және оның теориялық және практикалық мәселелері, сондай-ақ заңнамалық көрінісі зерттеледі. Азаматтық-құқықтық шарттар жүйесінде мемлекеттік заем шартын институты тәжірибелік қолдану заңдылықтары жайлы айтылады. Заем шарты бойынша «пайыз» ұғымының анықтамасы тұжырымдалады, оның мақсаты осы ұғымды азаматтық-құқықтық қатынастарда «пайыз» ұғымын пайдалану жағдайларынан ажырату болып табылады. Сонымен қатар, мақалада тиісті пайыздарды өндіріп алу – тараптар мемлекеттік заем шартын жасасу салдарынан оларда жүктелген міндеттемелерді орындамаған кезде азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарасы болып табылатындығы туралы мәлімдемелер негізделген. Мемлекеттік заем шартының азаматтық-құқықтық міндеттемелер ретіндегі теориялық негізделген анықтамасы да берілген. Заем шарты барлық басқа құқықтық институттармен тең дәрежеде өзара іс-қимыл жасайтын дербес институт ретінде қарастырылады. Мемлекеттік заем шарты институты саласындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстандық заңнаманы жетілдіру жөнінде теориялық негізделген ұсыныстар ұсынылады.