БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚҰҚЫҚТАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҮСТЕМ ЖАҒДАЙЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2025.79.1.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада бәсекелестік құқықтағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтағы үстем жағдайы қарастырылған. Сонымен қатар, үстем жағдайдың түрлері, белгілері, үстем жағдайға ие болу шарттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері және олардың құқықтары (өкілеттіктері) талданған. Өйткені, бұл мәселе жаһандану кезеңінде құқықтық жағынан да, экономикалық жағынан да өзекті мәселеге айналды. Тақырып аясында үстем жағдайға ие болу мен оның тәртібі, еліміздегі үстем жағдайға ие болған шаруашылық субъектілері туралы статистикалық деректер қарастырылып, олардың құқықтық жағдайына шолу жасалған. Мақалада салыстырмалы талдау әдістері, әртүрлі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін анықтау және сипаттау үшін жүйелік тәсілдер қарастырылды. Зерттеу нарықта үстем жағдайды ұстап тұру арқылы бәсекелестікті дамыту, ал оның мемлекеттің экономикалық жағдайын тұрақтандырудағы маңыздылығын көрсетеді.