ПОЛИМЕРЛІ КОНТЕЙНЕРЛЕРДІ СҰРЫПТАУ ПРОЦЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҮШІН НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2025_36_1_7
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде пластикалық контейнерлерді тиімді сұрыптау үшін конволюционды нейрондық желілерді (CNN) және ұзақ қысқа мерзімді жадты (LSTM) біріктіретін гибридті нейрондық желі архитектурасын пайдалануды қарастырады. Зерттеу жақын инфрақызыл (NIR) спектроскопиялық құрылғысымен алынған, химиялық құрамы мен ластану деңгейіне байланысты пластикалық қалдықтарды жіктеуге бағытталған. Эксперимент нәтижелері CNN+LSTM гибридті моделі пластиктердің әртүрлі түрлері мен түстерін тану, соның ішінде контейнерлердегі ластаушы заттарды анықтауда салыстырмалы түрде жоғары дәлдікке қол жеткізетінін көрсетеді. Модельдің өнімділігін салыстырмалы бағалау логистикалық регрессия, ішінара ең кіші квадраттар (PLS) және сызықтық дискриминантты талдау (LDA) сияқты дәстүрлі жіктеу әдістерімен жүргізілді. Нәтижелер CNN+LSTM үлгісі дәстүрлі тәсілдерге қарағанда, әсіресе класстар арасындағы спектрлік айырмашылықтары аз сценарийлерде тиімдірек жұмыс істейтінін көрсетеді. Бұл зерттеу пластикалық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу процестерінің тиімділігін арттыру үшін машиналық оқытудың әлеуетін көрсетеді, осылайша экологиялық тұрақтылықты жақсартуға ықпал етеді.