Сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнама негіздері мен тетіктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-150-1-191-206
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу мақаласында сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнама негіздері мен тетіктерін зерттеу жүзеге асырылған. Ғылыми зерттеудің мақсаты сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы шетелдің заңнамасымен өзара салыстырмалы-құқықтық талдау көзделген және адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру айқындалған. Алыс жақын шет елдердің заңнамалары талқыланып сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы шетел заңнамасымен өзара салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілуі нәтижесінде бірқатар жекелеген ұсыныстардың жиынтығы жасалынған. Сталкинг (ізге түсу) түрлері айқындалып, олардың алдын алу жолдары айқындалған. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды сталкинг (ізге түсу) құқық бұзушылығынан қорғаудың халықаралық-құқықтық жүйесі бойынша құқықтық негіздері мен тәжірибелік механизмдерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды сталкинг (ізге түсу) құқық бұзушылығынан қорғау бойынша құқық қорғау мен сот органдарының іс-әрекеттер жүйесін саралау нәтижесі анықталған. Сонымен қатар, сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнама негіздері мен тетіктерін ұсынған.