Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінің енгізілуі: заңнамалық негізін қалыптастыру сұрақтары

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-150-1-122-135
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында енгізілу кезеңіндегі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінің құқықтық негізіне талдау жасалынған. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі - бұл жаңа және амбициялы жоба, оның заңнамалық негізі қалыптасу сатысында және қосымша теориялық-ғылыми зерттеуді қажет етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрігер ендігі медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасаспай медициналық қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Яғни, сақтандырудың бұл түрі міндетті және бұл авторлардың ойынша медициналық қызмет көрсету сапасына оң әсер етуі тиіс. Авторлардың пікірінше Қазақстан Республикасында осы жүйені енгізу зардап шеккен науқастарға өтемақы төлеуді жеңілдетуге, медициналық қызметкерді абайсызда қателік жіберген жағдайда оларды қорғауға және құқықтық мәртебесін нығайтуға мүмкіндік беруі тиіс. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу науқас, дәрігер және медициналық ұйым арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдетеді. Науқастардың азаматтық-құқықтық жауапкершілік шеңберінде залалды өтеу туралы талаппен сотқа барудың қажеттілігі болмайды, ал дәрігерлер өтемақы төлеумен байланысты қаржылық ауыртпалықтармен кездеспейді. Ғылыми мақаладағы мақсат ол аталған жаңа сақтандыру түрінің құқықтық негізіне шолу жасай отырып, оны сәтті енгізу мен заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін авторлар жаңадан қабылданған нормативтерге, заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға жан-жақты талдау жүргізіп, ұсыныстар әзірлеген.