Қазақстандағы медицина қызметкерлерімен еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің кейбір мәселелері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-150-1-110-121
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Медицина қызметкерінің құқықтық мәртебесін қарастыру қазіргі заманғы медициналық-құқықтық зерттеулердің маңызды бағыты болып табылады, өйткені ол медициналық қызметті нормативтік реттеудегі олқылықтарды анықтауға және оларды жоюдың нақты тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты заңнамалық нормалардың жетілдірілмегендігінен қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз етуде мәселелер бар деп болжауға да болады. Бұл мақаланың мақсаты медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Осы мақалада медицина қызметкерлерінің еңбегін саралау ерекшеліктері қарастырылып, олардың еңбек-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері анықталған. Сонымен қатар, қолданыстағы отандық заңнамасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, медицина қызметкерінің құқықтық мәртебесінің ағымдағы жай-күйіне талдау жасалған. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің біртұтастығы мен саралану қағидасы негізінде құрылған әртүрлі нормативтік құқықтық актілер кешенімен жүзеге асырылатын медицина саласындағы қызметкерлерінің еңбектік құқықтық қатынастарын реттеуі анықталған. Осы саладағы қызметкерлерге қосымша төлемдер берілетін жағдайлар, қазіргі таңдағы әлеуметтік қолдау шараларды да қарастырылып, олардың тікелей еңбек қызметі процесінде туындайтын кейбір ерекшеліктері мен мәселелері нақтыланған. Медицина қызметкерлерінің дене және эмоциялық денсаулығына төнетін белгілі бір қатерлерге, сондай-ақ өз өкілеттіктері мен міндеттерін бұзған жағдайда туындайтын ерекше заңдық жауапкершілікке байланысты олардың еңбек қызметінің ерекше сипаты да көрсетілген.