ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2024.4(57).14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі жағдайдағы Павлодар облысының туризм саласын дамытудың мүмкіндіктері талданып, саланы одан әрі дамытудың болашағы бағаланды. Туризм секторы – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарағанда жоғары маңыздылыққа ие салаларының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда туризм индустриясы дамыған және дамушы елдер экономикасында маңызды орынға ие болып отыр. Себебі қазіргі кездегі экономиканы әртараптандырудың талаптарына сәйкес мемлекеттің экономикалық өсімін қамтамасыз етуде қызмет көрсету нарығын дамытуға басымдық беріліп отыр. Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту үшін қажетті туристік-рекреациялық ресурстардың болуы, мемлекет тарапынан аталмыш саланы дамытуға басымдық беруі, туристердің жергілікті жерлерге қызығушылықтарының артуы туризм саласының маңыздылығын көрсетіп отыр. Туризм саласының дамуы жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру мен қосымша табыс көзін қалыптастыруға әсер етеді. Мақалада Павлодар облысындағы туризм саласы индикаторлары ішкі және келу туризмінің көрсеткіштері, Баянауыл курорттық аумағында туризмнің даму көрсеткіштері, қонақ үй кәсіпорындарының көрсеткіштері, спорт және демалысты ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсеткіштерінің өзгеріс қарқыны талданып, тұжырымдар жасалған. Өңірде туристік қызметті ұйымдастыруға және дамытуға мүмкіндік беретін физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тарихи факторлардың жиыны қарастырылған. Мақалада библиографиялық әдістің көмегімен отандық және шетелдік авторлардың еңбектеріне шолу жасалынып, салыстырмалы талдау, экономикалық-статистикалық талдау әдістері, жалпылау әдісі қолданылды. Сонымен қатар, туризм саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген басым болатын туристік бағыттарды Павлодар облысында дамытудың мүмкіндіктері ұсынылған. In the article, the current state of the tourism industry of Pavlodar region was analyzed, and the opportunities for further development of the industry were assessed. The tourism sector is one of the most important sectors from the socio-economic point of view. Today, the tourism industry occupies an important place in the economy of developed and developing countries. This is because, in accordance with the requirements of the current economic diversification, priority is given to the development of the service market in order to ensure the economic growth of the state. The availability of tourist and recreational resources necessary for the development of the tourism industry in the Republic of Kazakhstan, the priority given by the state to the development of this industry, show the importance of the tourism industry. The development of the tourism sector affects employment, development of small and medium-sized enterprises, creation of new jobs and formation of an additional source of income. The article reviews the works of domestic and foreign authors using the bibliographic method, and uses comparative analysis, economic and statistical analysis, and generalization methods. In the article, indicators of the tourism industry in Pavlodar region, indicators of domestic tourism and inbound tourism, indicators of tourism development in the resort area of Bayanaul, indicators of hotel enterprises, the rate of change of sports and recreation organization services in 2019-2023 were analyzed and conclusions were made. A set of physical-geographical, socio-economic and cultural-historical factors is provided for the organization and development of tourism activities in the region. In addition, the possibilities of development of priority tourist destinations in Pavlodar region indicated in the concept of tourism development for 2023-2029 are presented.