ЕАЭО елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін мемлекеттік реттеуді салыстырмалы талдау

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2024.4(57).24
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Арменияны қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін мемлекеттік реттеудің салыстырмалы талдауы ұсынылған. Азық-түлік қауіпсіздігі аграрлық сектордың орнықты дамуын, сонымен бірге сыртқы және ішкі тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ететін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі элементі ретінде қарастырылады. Мақалада жаһандық экономикалық және климаттық сын-қатерлер жағдайында азық-түлік тәуелсіздігі мен тұрақтылыққа қол жеткізу үшін түрлі елдер пайдаланатын тұжырымдамалар мен тетіктер зерттелді. Ұлттық стратегияларға талдау жүргізілді, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдеріндегі, оның ішінде азық-түліктің физикалық және экономикалық қолжетімділігіндегі айырмашылықтар анықталды. АвторларменЕАЭО елдерінде аралығында өзіндік өндіріс арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерімен және азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Жүргізілген салыстырмалы талдау барысында авторлар ЕАЭО елдерінің көпшілігінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің қамтамасыз етілу деңгейі мен азық-түліктің өзіндік өндірісі деңгейінің ауытқуы байқалатынын анықтады. ЕАЭО елдері импортқа тәуелділік және климаттық тәуекелдер сияқты жалпы сын-қатерлермен бетпе-бет келетіні, бірақ бұл ретте бірегей ресурстар мен стратегияларға ие екені көрсетілген. Мақаланың тұжырымдары азық-түлік тәуелсіздігін арттыру және өңірдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін ЕАЭО шеңберінде аграрлық саясатты үйлестіру мен ықпалдастыруды күшейту қажеттігіне назар аударады. Бірлескен азық-түлік компанияларын құруды, трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуды және инновациялық технологияларды енгізуді қоса алғанда, ынтымақтастықты жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді. The article presents a comparative analysis of state regulation of food security in the countries of the Eurasian Economic Union, including Russia, Kazakhstan, Belarus, Kyrgyzstan and Armenia. Food security is seen as a key element of national security, ensuring the sustainable development of the agricultural sector and minimizing external and internal risks. An analysis of national strategies was carried out, differences in approaches to ensuring food security, including physical and economic accessibility of food, were identified. Particular attention is paid to mechanisms to support the agricultural sector, such as subsidies, infrastructure development and measures to stimulate domestic production. The authors conducted a comparative analysis of the level of provision of agricultural products and food through their own production in the EAEU countries. In the course of the comparative analysis, the authors revealed that in most EAEU countries there is a fluctuation in the level of provision of agricultural products and food of their own production.It is shown that the EAEU countries face common challenges, such as import dependence and climate risks, but at the same time have unique resources and strategies. The conclusions of the article emphasize the need to strengthen coordination and integration of agricultural policy within the EAEU to increase food independence and ensure sustainable development of the region. Recommendations were proposed to improve cooperation, including the creation of joint food companies, the development of cross-border cooperation and the introduction of innovative technologies.