Аңдатпа
Жаһандану – бұл елдер арасындағы экономикалық, мәдени және саяси байланыстардың күшеюі, әлемді біртұтас жүйе ретінде қалыптастыруға бағытталған үдеріс. Бұл процесс адам санасына да айтарлықтай ықпал етеді. Мақалада жаһандану үдерістерінің адамның ойлау, сана, таным, түйсігіне әсер ете отырып, оның өмірлік қағидаларының өзгеріске енуіне тигізер ықпалы жөніндегі мәселелер қарастырылады. Бұл мақалада жаһандану дәуірінде моральдық құндылықтардың өзгеру үрдісі мен оның әлеуметтік-адамгершілік этносқа ықпалы қарастырылады. Жаһандану процестері мәдениеттердің өзара ықпалдасуын күшейтіп, дәстүрлі моральдық нормалардың трансформациясына алып келеді. Зерттеуде моральдық құндылықтардың өзгеру себептері, олардың қоғамға әсері және әртүрлі этностардың адамгершілік қағидалары талданады. Сонымен қатар, жаһандану жағдайында ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы атап өтіледі.