ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2024.4(57).29
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Экономикалық дамудың инновациялық түрін жүзеге асыратын қазіргі Қазақстанда білім берудің рөлі өте зор. Білім беру саласының ұйымдық құрылымдары қызмет көрсету арқылы қоғамның адамның кәсіби, зияткерлік, қоғамдық-саяси, коммуникативтік және өзге де құзыреттеріне қойылатын талаптарын қанағаттандырады. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі білім беру саласындағы түбегейлі жаңа басымдықтардың қалыптасуымен сипатталады, олардың ішіндегі ең маңыздысы білім беру сапасын арттыру болып табылады. Мақалада Алматы қаласы бойынша білім беру қызметтерін көрсететін мекемелердің жай-күйі мен даму перспективаларын анықтау мақсатында білім беру жүйесінің динамикасы мен рөлі егжей-тегжейлі талданады. Сондай-ақ, эконометрикалық талдау жүргізілген білім беру саласындағы қызметтің қаржылық-экономикалық аспектілері қаралды. Тақырыпты зерделеу барысында біз ҚР Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің теориялық-әдіснамалық негізін анықтауға, білім беру саласындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің қаржылық-экономикалық аспектілерін бағалауға, көрсеткіштер динамикасын талдауға және Алматы қаласы мен Әуезов ауданы білім беру саласындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің эконометрикалық моделін әзірлеуге тырыстық, саладағы қызметті дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді. Эконометрикалық талдау бойынша Алматы қаласының білім беру қызметтерін дамытудағы басты проблема Алматы қаласының мектептерінде білім беру мұғалімдерінің жетіспеушілігі, оқушылар үшін оқу орындарының жетіспеушілігі, мектептерді заманауи техникамен жеткіліксіз жарақтандыру мәселесі болды. Мәселені нақты анықтау мақсатында Алматы қаласының Әуезов ауданындағы білім беру жүйесінің жай-күйі талданды. Соңғы жылдары Әуезов ауданы бойынша білім беру қызметтерінің ақпараты жинақталды, ол бойынша статистикалық талдау, статистикалық салыстыру жүргізілді, сондай-ақ регрессивті талдау әдістері қолданылды. The role of education in modern Kazakhstan, which carries out an innovative type of economic development, is huge. The organizational structures of the field of education meet the requirements of society for professional, intellectual, socio-political, communicative and other human competencies through the provision of services. The current stage of society's development is characterized by the formation of fundamentally new priorities in the field of education, the most important of which is to improve the quality of education. The article analyzes in detail the dynamics and role of the education system in order to determine the state and prospects of development of institutions providing educational services in the city of Almaty. The financial and economic aspects of activities in the field of education were also considered, for which an econometric analysis was carried out. During the study of the topic, we tried to determine the theoretical and methodological basis of the activities of state and local governments of the Republic of Kazakhstan, assess the financial and economic aspects of the activities of local governments in the field of education, analyze the dynamics of indicators and develop an econometric model of the activities of local governments in the field of education in Almaty and Auezovsky district, developed proposals for the development of activities in the field of. According to econometric analysis, the main problem in the development of educational services in Almaty has become the problem of a shortage of teachers of education in schools in Almaty, a shortage of educational institutions for students, insufficient equipment of schools with modern technology. In order to clearly identify the problem, the state of the education system in the Auezovsky district of Almaty was analyzed. The information of educational services in the Auezovsky district in recent years has been summarized, statistical analysis and statistical comparison have been carried out on it, and methods of regression analysis have also been applied.