ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ КӨРШІНІҢ БЕЙНЕСІ (ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ БЕЙНЕСІ МЫСАЛЫНДА)

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2023.52.2.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада автор Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының призмасы арқылы әлемдік саясаттағы көршісінің бейнесін қалыптастыру үдерісін қарастырады. Көршіні қабылдау мәселесі тату көршілік қатынастарды құру процесінде маңызды құрал болып табылады. Қазақстандық қоғамда Қытай елі мен қытай ұлтының бейнесі бір-біріне қарама-қайшы. Бұл мақалада автор екі жақты қатынастардың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін қарастыру арқылы Қытай бейнесін қабылдау эволюциясын қарастыруға тырысады. Қарастырылып отырған мәселенің өзі өзекті және қайшы тұстары жеткілікті. Бізге белгілі, Қытай негізінен теріс сипатта қалыптасты, бұл кеңестік-қытайлық қарама-қайшылықтың салдары, сондай-ақ тарихи түрде Қытай көшпелі халықтардың жаулары ретінде қабылданды. Көршінің бейнесін теріс қабылдау негізінен қатынастардың одан әрі дамуына әсер етеді, әрине, мемлекеттік деңгейде емес, жеке деңгейде. Бұл мақаланың мақсаты Қазақстандағы синофобияның қалыптасу эволюциясының мәселелеріне шолу жасау. Мақалада қазіргі жарияланымдарда Бейжің өз азаматтарының шекара кеңістігін қоныстандыруға ниет білдіре отырып, кеңейту стратегиясын мақсатты түрде жүзеге асырады деген пікірлер туралы автор кеңінен тоқталған. Алайда, көптеген фактілер мен құжаттар бұл мәселені біржақты түсіндіруге мүмкіндік бермейтінін ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы атап өткен. Мақаланы жазу барысында тақырыпқа сәйкес Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының ұшығуы туралы ресми құжаттар мен дереккөздер пайдаланылып, қытай, қазақ, орыс және шетелдік ғалымдардың ғылыми көзқарастарына ғаламтор көзінен алынған мәліметтерге де талдау жасалды. Жұмыстың әдіснамасына келер болсақ, зерттеуді жүзеге асыру кезінде жүйелеу, жалпылау және тарихи-этнографиялық әдістер қолданылды.