АУДИОСИГНАЛДАР НЕГІЗІНДЕ ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАЛАРДЫ АНЫҚТАУДЫ ЗЕРТТЕУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-135-6-103-113
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында әлеуметтік сипаттағы төтенше оқиғаларды анықтауға арналған CNN-BiLSTM моделін құру әдістемесі ұсынылды. Модельді оқыту үшін 10000 аудио деректерден жиналған дерекқор жасалды. Дерекқор әлеуметтік сипаттағы төтенше оқиғалардың сегіз классын қамтиды: жылау, айқай, жарылыс, қару-жарақ дыбысы, өрт, сирена, иттің үруі, терезенің сынуы. Аудиосигналдарға алдын-ала өңдеу жасалды. Аудиосигналдар бір өлшемге түрлендірілді. Әрі қарай бұл аудио сигналдардан хромаграмма, спектралдық контраст, MFCC, MFC, tonal centroid белгілері алынып, модельді оқыту үшін қолданылды. CNN-BiLSTM моделін оқыту үшін оңтайлы гиперпараметрлер таңдалды. Құрылған CNN-BiLSTM гибридті моделі тестіленіп, accuracy, precision, recall, F1-score метрикаларымен бағаланды. Алынған нәтиже бойынша нақтылығы ең жоғары класс жылау 95% дәлдікті, ал ең төменгі дәлдікті сирена классы 83% көрсетті. Ұсынылған CNN-BiLSTM гибридті моделі, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, инфрақұрылымдарда аудиосигналдарды негізінде әлеуметтік сипаттағы төтенше оқиғаларды сегіз класс бойынша анықтап, хабар беру үшін қолданылады. Ал ұсынылған дерекқор мен модельді оқыту әдістемесін, төтенше оқиғаларды анықтауға арналған терең оқыту модельдін құру үшін пайдалануға болады.