ПОЛИМЕРЛЕР ХИМИЯСЫНОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.82.4.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада полимерлер химиясын оқыту процесінде білім алушылардың функционалды сауаттылығын дамыту–қазіргібілім беру жүйесінің маңызды аспектісі екендігі көрсетіледі.Жоғарғы оқу орындарындасыни ойлау тәжірибесіне әсер ететін әдістерді импровизациялауға негізделген практикалық әрекеттер қарастырылады.Білім алушылардың функционалды, сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында полимерлер туралы теориялық білімдерін прак-тикалық тапсырмалармен, зерттеулермен және жобалармен бекітуге көмектесетін әдістеме әзірлеужәне теориялық-эксперименттік негіздеу туралы айтылады. Мақала оқытудың тиімді әдістеріне, жаңа технологияларды енгізуге және білім алушылардыңдағдыларын дамытуға қатыстынақты ұсыныстармен қорытындыланады.Тұлғаға бағытталған оқыту –бұл педа-гогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы студенттердіңқұзіреттіліктерініңқалыптасуына ықпал етеді.Сын тұрғы-сынан ойлауды дамыту полимерлер туралы ақпарат алудан басталып, қаралатын тапсырмаға байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Зерттеу нәтижесінде әр студенттіңойы шыңдалып, жүргізілген тапсырмалар арқылы өздік жұмыстарын орындап, өзін-өзі бағалауға дағдыланады, пәнге деген қызығушылығы артады.Дәстүрлі әдістер мен заманауи технологиялардың артықшылықтары сипатталып, зертхана-лық және конструкторлық тәсілдер жан-жақты талқыланады. Мақалада сыни ойлауды анықтау, бағалау және зерттеудің негізгі концептуалды және әдіснамалық мәселелері, сондай-ақ студенттердіңшығармашылық және сыни ойлауын зерттеу үшін химиялық білімнің маңызы көрсетілді.