Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың өзара әрекеттестігі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-4-106-128
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудағы критерийі бойынша Қазақстан Республикасындағы аймақтық мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлікпен айналысатын құрылымдардың өзара әрекеттесуін бағалау жағдайы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кәсіпкерлік құрылымдар мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттестік механизмінің мәні мен мазмұны туралы теориялық және практикалық идеяларды дамыту. Аралас экономиканы басқарудың өркениетті принциптерін енгізудің қолданыстағы әдістері мен тәжірибесін зерделеудеинституционалдық, праксеологиялық, тарихи-салыстырмалы әдістермен қатар құқықтық және тұрмыстық институттарды индуктивті талдау әдістері қолданылды. Әріптестікті дамыту стратегиясының құрылымдық құрамдас бөліктерінің құрамы мен сипаттамаларын, мемлекет пен кәсіпкерлікті дамыту стратегиясын іске асыру тетігінің құрамдас бөліктерін,бірлескен кәсіпкерлікті және кәсіпкерлікті дамыту механизмін іске асыру нәтижелерінің өзара байланысын зерттеу негізінде жергілікті билік органдарының жұмысын бағалау критерийлері айқындалды. Сонымен қатар, аймақтық деңгейдегі бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесу матрицасы да құрастырылып, мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарының өзара әрекеттесу үлгілері, билік пен бизнес құрылымдарының өзара әрекеттесу алгоритмі зерттелді. Зерттеуге сыбайлас жемқорлық оқиғаларының саны мен сипатын, сондай-ақ бейресми операциялардың ауқымын егжей-тегжейлі сипаттайтын ресми статистиканың сандық және сапалық талдауы кірді. Бұл талдаулар көлеңкелі сұлбаларды анықтауға негіз болды.