СТУДЕНТТІК ОРТАДАҒЫ ДЕПРЕССИЯНЫҢ ДАМУЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.81.4.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада студенттік ортада депрессияның таралу проблемасының өзектілігігіне теориялық талдау берілді. Шет елдік және отандық зерттеулердің негізінде депрессияны зерттеудің негізгі ғылыми тәсілдері ұсынылды. Әдебиеттерге шолу барысында қазіргі әлеуметтік және білім беру ортасының бейімделу бұзылыстарына әкелетін студенттер өмірінің барлық аспектілеріне депрессияның әсер ететіні көрініс берді. Депрессиятүсінігіне жан-жақты талдау жасалды. Жоғарғы оқу орынының 1-ші және 3-ші курс студенттерінің депрессвиті жағдайын анықтау негізінде С.Лавибонда мен П.Лавибонданың DASS-21 (Депрессия, стресс, мазасыздық) және SMFQ (көңіл күй нашарлығы және депрессивті жағдай) депрессияны анықтауға арналған валидті эмпирикалық зерттеулерінің нәитжелері талданып көрсетілді. Зерттеуде Спирменнің корреляциялық талдауымен Манна-Уитнидің критериалды бағалауы қолданылды. Студенттер-дің депресивті жағдайдың жас ерекшелігіне байланысты әсер етуінің әр түрлілігі анықталып, алдын-алу жолдарын жоспарлау мүмкіндігі туды.