2D ЖӘНЕ 3D МОДЕЛЬДЕУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА STEAM ТӘСІЛІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.81.4.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада STEM білім беру технологиясын ашып көрсету –басты мақсатымыз болды. Тақы-рыпқа сай келесідей зерттеу міндеттерін анықтадық: математика бойынша STEM білім берудегі 2D және 3D модельдеу арқылы әртүрлі оқыту әдістерінің тиімділігін зерттеу, жобалық оқытудың математиканы оқыту нәтижелеріне әсерін бағалау, ынтымақтастық оқыту, жаратылыстану және математиканы басқа пәндермен кіріктіріп оқытудың артықшалықтарын анықтау және талдау. STEM білім беру-ғылымды, технологияны, инженерияны және математиканы біріктіретін оқытудың динамикалық тәсілі болып табылады. Математикаға қолданылғанда ол оқушыларға мәселені шешу дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға мүмкіндік беретіні анық. Бұл мақалада математикадан STEM білім беруді оқытудың әр түрлі тәсілдерін, әдістерін тәжірбиеде қолданудың тиімділігі зерттеледі. STEM компоненттері арқылы сыни ойлауға үйрену, өздігінен проблемаларды шеше білу, топтық, жұптық жұмыстарда көшбасшылық таныту, сондай-ақ техникалық пәндерге деген мотивтерін күшейту және зерттеушілік дағдыларын т.б. білім берудегі негізгі әрекеттерді алға шығарамыз. Алайда бұның барлығы дерлік бастауыш сынып-тарда жаратылыстану сабақтарында жүзеге асырылса, өз тиімділігін көрсетері анық.