Аңдатпа
Мақалада толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың психологиялық ерекше-ліктері зерттелді. Ата-анасының біреуінің болмауы балалардың эмоционалды және әлеуметтікдамуына айтарлықтай әсер етеді. Қазақстанда статистикалық деректер бойынша соңғы жылдары толық емес отбасылар саны 476 мыңды құраған. Мұндағы басты себеп –ажырасу. Мақалада осындай отбасыларда кездесетін типтік мәселелер, соның ішінде баладағы пайда болатын психологиялық жарақаттар талданды. Психологиялық жарақаттардың пайда болу себептері анықталды. Біз толық емес отбасыда тәрбиеленіп жатқан балалар мен ата-аналардан сауалнама алдық. Сауалнама Аченбахтың балалардың мінез-құлқы шкаласы (CBCL) негізінде жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде 100 баланың 17-де психологиялық жарақаттар бар екені анықталды. 17-нің баланың 13-нің психологиялық жарақаты толық емес отбасымен тікелей байланысты болса, 4-де әртүрлі себептерге байланысты туындаған. Мақаланың мақсаты –толық емес отбасындағы балалардың тәрбиеленуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, сонымен қатар ата-аналардың біреуінің болмауы баланың дамуына қалай әсер ететінін талдау.