МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2025.62.59.037
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кіріспе. Медициналық көмектің сапасы медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен қызығушылығына тікелей байланысты, бұл мотивациялық факторларды зерттеуді ерекше өзекті етеді. Эмпирикалық зерттеулерге шолу мотивация мен медициналық қызмет көрсету сапасының, сондай-ақ пациенттердің қанағаттануының арасындағы байланысты көрсетеді. Зерттеудің мақсаты. Медицина ұйымдары қызметкерлерінің мотивациясы және оның жұмысқа әсерін әлемдік және отандық зерттеулерді талдау арқылы анықтап, тиімді ынталандыру жүйесін құруға ықпал ететін ұсыныстар әзірлеу. Материалдар мен әдістер. Scopus, Web of Science, PubMed, Google Scholar, Е-library ғылыми дерекқорларынан әлем бойынша медицина қызметкерлерін жұмысқа ынталандыру мен мотивациялық факторлар туралы отандық және шетелдік авторлардың мақалаларына шолу жасалды. Әдеби шолуға енгізілген басылымдар орыс және ағылшын тілдеріндегі толық мәтінді мақалаларды қамтыды. Нәтижелері. Медицина қызметкерлерінің мотивациясы әр елде түрлі мақсатта зерттелген. Көптеген жарияланымдар медицина қызметкерлерінің ынталандыруларын қаржылық және қаржылық емес түрлерге бөледі. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі үшін қызметкерлердің жұмысқа қанағаттануын және ынталандыру әдістерінің маңыздылығын дұрыс түсінудің рөлі зор. Қорытынды. Мақаланың соңында медициналық мекемелердің басшыларына жұмыс процестерін жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді ынталандыру стратегияларын әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстар берілген.