БАЛАЛАРДАҒЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН МЕДИКО-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДЕҢГЕЙІ: ӘДЕБИ ШОЛУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2025.54.27.018
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кіріспе. Қазіргі қоғамда сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың денсаулығы мен әлеуметтік бейімделу мәселелері балалардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік қолдау саласында маңызды орындардың бірін алады. Сөйлеу бұзылыстары балалардың оқуына, әлеуметтік өзара әрекеттестігіне және психологиялық әл-ауқатына айтарлықтай әсер етуі мүмкін, сондықтан осы санаттағы балаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету әдістерін жетілдіру әртүрлі сала мамандарының ажырамас міндеті болып табылады. Бұл ғылыми мақалада балалардың сөйлеу тілінің бұзылуының негізгі себептері талданып, ерте диагностика мәселесі және осы мәселені шешудегі медициналықәлеуметтік көмектің тиімділігі қарастырылады. Шолудың мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында сөйлеу тіліндегі бұзылыстардың таралуын, қауіп факторларын және көрсетілетін медико-әлеуметтік көмек жағдайын ғылыми әдебиет көздеріне сүйене отырып талдау. Зерттеу материалдары мен әдістері. Шолу мақаласын жазу үшін «сөйлеудің бұзылуы», «денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктері», «медико-әлеуметтік көмек», т.б. түйінді сөздерді пайдалана отырып, Pubmed, Scopus, Google Scholar, Cyberleninka және e-Library деректер қорындағы ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізілді. Нәтижелері. Ақпараттық-аналитикалық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазіргі уақытта мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында сөйлеу тіліндегі бұзылыстар эпидемияға айналып, осы ауытқуларға әкелетін қауіп факторларының әсерін зерттеу, сондай-ақ оларды ерте анықтау, алдын алу және оңалту шараларын жүргізу маңызды болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін медицина, психология, әлеуметтік қызмет, педагогика, логопедия және басқа салалар арасындағы интеграцияны жетілдіру қазіргі таңда өзекті әрі қажетті болып табылады. Қорытынды. Әдеби шолу қорытындысы балалардағы сөйлеу тілінің бұзылыстары әртүрлі факторлармен, мысалы, генетика, сыртқы жағдайлар және әлеуметтік-экономикалық мәртебемен байланысты күрделі мәселе болып табылатынын көрсетті. Медико-әлеуметтік көмек көрсету деңгейі балалардың оңалту нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді, бұл медициналық және әлеуметтік қызметтер арасындағы интеграцияны одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.