Медиакеңістіктегі post-truth ұғымы және оның саяси сипаты

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2024-4-149-51-60
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазіргі саяси коммуникациядағы шындықтан кейінгі құбылысты талдауға арналған. Цифрлық технология дамыған ақпараттық қоғам дәуірінде шындық пен жалғанды ажыратудың қиындығы күн сайын сезіліп келеді. Сондықтан да post-truth немесе «постшындық» ұғымы қазіргі заманғы медиакеңістік пен саяси дискурстардың маңызды сипаттамасы ретінде қалыптасты. Мақалада медиакеңістіктегі post-truth ұғымының мәні, этимологиясы, оның пайда болу себептері және саяси сипаттамалары талданады. Батыстық, ресейлік, қазақстандық ғалымдар тұжырымдары сарапталып, постшындық дәуірінің теріс әсерін болдырмау тәсілдері қарастырылады. Интернеттегі цензураның болмауы әртүрлі деңгейлерде таралатын жалған хабарламалар санының көбеюіне әкелетіндігі, шындықтан кейінгі дәуірде деректер, дәлелдер, теориялық негіздер және сыни ойлаудың қандай рөл атқаратындығы мысалдар арқылы дәлелденеді. Жалған ақпараттың қоғамға тигізетін кері әсері, олардың саяси салдары, қазіргі цифрлық кеңістікті қалай өзгертетінін көрсетеді. Авторлар зерттеу қорытындысында постшындық саяси кеңістігінде популистік лидерлер жиі пайда болып, өз мүддесіне жету үшін жалған уәде беріп, ешқандай шындықпен санаспай, сайлаушылардың эмоцияларын манипуляциялауға бағытталған риторика қолданатындығы мен әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары саяси манипуляция жасау алаңына айналатындығына көз жеткізеді.