Аңдатпа
Бұл мақалада қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі фольклорлық символикалар және олардың психолингвистикалық аспектілері қарастырылады. Фольклорлық символика-мәдениетімізді дәріптейтін бұрынғы символдар мен бейнелердің көмегімен терең мағыналы ойларды астарлап жеткізу арқылы жас ұрпаққа берілетін құнды құрал. Зерттеу кезінде фолькорлық элементтердің когнитивті, тілдік және психологиялық жағынан алалардың дамуына әсері талқыланды. Фольклорлық символиканың балалардың қиялын, сөздік қорын және тәрбиесін дамытуға ықпалын көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады.Балалар шығармаларында қолданылатын символдар балаларға негізгі өмірлік принциптерді түсінуге және қабылдауға көмектеседі, олардың сөздік қорын кеңейтеді және бейнелі ойлауды дамытады. Қазіргі авторлар фольклорлық элементтерді өз шығармаларына біріктіре отырып, мәдени дәстүрлердің сабақтастығын сақтайды және балалардың ата-баба мұрасына деген қызығушылығын сақтайды.