ОРТА МЕКТЕПТЕ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (5-7 СЫНЫП)

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2024.90.4.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде технологияның рөлі күннен-күнге артып келеді. Жасанды интеллект (ЖИ) сияқты технологиялар білім беру процесіне енгізіліп, оны жетілдірудің тиімді тәсілдерін ұсынуда. Орта мектептің 5-7 сынып оқушылары үшін фольклорлық шығармаларды оқыту барысында жасанды интеллектті қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада орта мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналған фольклорлық шығармаларды жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы оқыту әдістемесі, фольклорды оқытуда білім беру процесін жетілдіру, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, олардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Жасанды интеллект арқылы оқушылар ұлттық фольклорлық мұралармен танысып қана қоймай, оларды түрлі платформалар мен құралдар көмегімен жан-жақты зерттей алады. Сонымен қатар мақалада фольклорлық шығармаларды оқытуда жасанды интеллект қолданудың бірнеше әдісі ұсынылады: виртуалды көмекшілерді пайдалану, интерактивті ойындар жасау, мәтінді талдау құралдарын енгізу және фольклорлық деректерді визуализациялау. Бұл әдістер оқушылардың мәтіндермен жұмыс істеу қабілетін арттырып, фольклорлық шығармалардың мағынасын терең түсінуге көмектеседі.