АУДАРМА ІСІНДЕГІ ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2024.90.4.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада аударма ісіндегі заң терминдерінің лингвомәдени және құқықтық ерекшеліктері зерттеледі. Зерттеу барысында құқықтық мәтіндердегі терминологияның мәдени контексті мен аудармадағы рөлі тереңінен талданды. Зерттеу әдістері ретінде сауалнама, фокус-топтар және контент-талдау әдістері қолданылды.Сауалнама нәтижелері құқықтық терминологияның мәдени контекстін ескеру қажеттілігін 80%-бен көрсетсе, студенттердің құқықтық мәтіндерді аударуда кездесетін қиындықтарды сезінуі 70%-ды құрады. Фокус-топтарда қатысушылар құқықтық аудармадағы мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын талқылады. Контент-талдау әдісі арқылы 50-ден астам құқықтық мәтіндерден мысалдар жинап, терминдердің қолданылу жиілігі мен аудармадағы қиындықтары анықталды. Нәтижесінде, құқықтық терминологияның аударма процесіндегі маңыздылығыжәне оның мәдени аспектілері тереңірек түсінілді. Зерттеу нәтижелері құқықтық аударма саласындағы білім мен тәжірибені байытуға, сондай-ақ аударма сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. Студенттердің құқықтық терминологияны аударудағы қызығушылығы мен қажеттіліктері, құқықтық мәтіндердің мәдени контекстін ескере отырып, аударма процесін жетілдіруге ықпал етеді. Бұл зерттеу құқықтық аударма саласындағы мамандар мен студенттер үшін құнды ресурс болып, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, құқықтық аудармадағы мәдени кедергілерді жеңу үшін қажетті білім мен дағдыларды дамыту маңызды. Зерттеу нәтижелері құқықтық мәтіндерді аударудағы қиындықтарды жеңу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс құқықтық аударма саласындағы болашақ зерттеулер үшін жаңа бағыттар мен мүмкіндіктерді ашуға ықпал етеді.