Аңдатпа
Бұл мақалада инклюзивті білім беруде аутистік спектр бұзылысы бар балаларды педагогикалыққолдау мәселесі қарастырылған. Әлемніңәртүрлі елдерінде аутистік спектр бұзылысы бар балалардыңжас ерекшеліктері бойынша және олардыңәлеуметтенуі, қалыптасуы сияқты мәселелер психологтардың, философтардың, әлеуметтанушылардыңзерттеулерініңөзектілігі болып табылады. Аутистік спектр бұзылысы бар баланы білім беру ұйымында ұзақмерзімді психологиялық-педагогикалыққолдау қажеттілігі айтылған.Сүйемелдеу мамандары —психолог, логопед, арнайы педагог, педагог-ассистент, әлеуметтік педагог және инклюзия жөніндегі әдіскер қызметтерініңаутистік спектр бұзылыстары бар балалардыңбілім алу процесіндегі маңыздылығы ашылған. Зерттеудіңнегізгі мақсаты –инклюзивті білім беруде аутистік спектр бұзылысы бар оқушыларға педагогикалыққолдаудыңмаңызы. Негізгі нәтижелер аутистік спектр бұзылысы бар балалардыңинклюзивті ортаға бейімделуі сенсорлықжәне коммуникативтік ерекшеліктерін ескере отырып, жеке көзқарас пен икемді қолдау жүйесін талап ететінін көрсетеді. Зерттеудіңғылыми және практикалықмаңызы инклюзияныңмаңыздылығын негіздеуде және аутистік спектр бұзылысы бар балаларға арналған білім беру бағдарламаларын бейімдеу бойынша ұсыныстар беруде жатыр. Бұл зерттеудіңүлесі аутистік спектр бұзылысы бар балалардыңбілім беру ортасындағы әлеуметтік өзара әрекеттесуін жақсартуға және олардыңкүйзеліс деңгейін төмендетуге ықпал ететін тәсілдерді әзірлеу болып табылады.