ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ: ЖАНРЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР МЕН МИКРОЖАНР ҮЛГІЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.4-07
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы өзгерістер, жанрлық ізденістер мен тенденцияларталданады. Қазіргі қазақ прозасы жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты елеулі өзгерістердібастан кешіруде. Ең байқалатын тенденциялардың бірі – микрожанрлардың қалыптасуы мен дамуы. Бұлмақала осы өзгерістерді зерттеуге, қазіргі қазақ әдебиетіндегі жанрлық ізденістер мен нақты үлгілердіталдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі жаңа әдеби формаларды, олардың қазіргі қазақ прозасыконтекстіндегі рөлі мен мәнін түсіну қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі қазақ микрожанрларыныңмысалдарына қазақ прозасындағы микрожанрлардың сұранысы мен белсенді дамуын көрсететінӘлібек Байбол мен Жалғас Қазыбектің шығармаларына талдау жасалады. Бұл жұмыстар мәтіндікішірейту авторларға терең және эмоционалды туындыларды жасай отырып, негізгі баяндау сәттеріненазар аударуға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Қазіргі қазақ прозасындағы микрожанрлардыңмаңызы айқындалып, тың қорытындылар жасалады. Бұл жанрлардың қазіргі аудитория сұранысынқанағаттандыратын және қазақ әдебиетінің жаңа формалары мен әдістерімен байытатын келешегі зорбағыт екені атап өтіледі. Микро-әңгіме, микро-новелла сияқты микрожанрлар әдеби процестің маңыздыбөлігіне айналып, дәстүрлі жанрларға жаңаша көзқарас ұсынып, қоғамның өзгермелі қажеттіліктерінкөрсетеді.