ТОПОНИМДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚАЗАҚ, ҚАРАҚАЛПАҚ ЖӘНЕ ТАТАР ЭПОСТАРЫ БОЙЫНША)

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.4-05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ, қарақалпақ, татар эпостарынан анықталған топонимдердің ұлттық-мәдени ерекшелігі қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде қазақ, қарақалпақ, татар фольклорындағықаһармандық эпостар алынды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы түркі халықтарының фольклорындағытопонимдерді салыстыра талдауда жатыр, бұл топонимикалық деректер арқылы қалпына келтіругеболатын дүниенің топонимикалық суретінің түркілік ұлттық-мәдени ерекшелігі туралы қорытындыжасауға мүмкіндік береді. Зерттеудің өзектілігі эпостардағы топонимдерді атқаратын қызметінанықтау арқылы зерттеу қажеттілігімен айқындалады, ол өз кезегінде фольклорлық шығармалардағытопонимдердің рөлін көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында эпостарда шынайы, метафоралықжәне жеке топонимдердің қолданылатыны анықталды. Батырлық эпостарда кездесетін нақтыгеографиялық нысандардың атаулары уақыт пен кеңістікте бағдар ғана емес, тарихи-мәдени оқиғалардыкейінгі ұрпаққа жеткізудің тәсілі болып табылады. Эпостардағы топонимикалық атаулар номинативтікжәне ақпараттық қызметтермен қатар жинақтаушылық және таңбалық қызметтерді де атқарады.Эпостарда кездесетін топонимикалық атаулар түркі халықтарының мифологиялық көзқарастарыбойынша жасалатыны анықталды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы мынада: материалдар мензерттеудің негізгі қорытындыларын пайдалану түркі халықтарының, атап айтқанда қазақ, қарақалпақ,татар топонимикасын одан әрі зерттеуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижесінде эпостық жырлардасуреттелетін оқиғалар терең тарихи сипатқа ие болғанымен, олардың сюжеттері мен мотивтерімифологиялық хронотипке қатысты.