ӘЛЕУМЕТТІКСЕРІКТЕСТІК -БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.84.4.026
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінде Қазақстанның әлемнің озық отыз елінің құрамына кіру стратегиясының жүзеге асырылуы және соған сәйкес әлемдік білім беру кеңістігіне ену қажеттілігі ЖОО нарық талаптарына сай мамандарды дайындау мәселесін алға шығаруда. Қазіргі еңбек нарықтық экономика өндіріс әлеміне еркін ене алатын, табысты әрекет етуге негіз болатын білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ең бастысы тұлғалық сапалары дамыған бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа типін қалыптастыру міндеттерін қоюда. Экономика саласында бұл ұғым өндірілетін тауарлардың сұранысқа ие болуын сипаттағанымен, қазіргі кезде бәсекеге қабілеттілік–өнеркәсіптік өнімнің құндылық және сапалық параметрлерін көрсететін жан-жақты ұғым екенін көреміз. Бұл ретте педагогикалық жоғары оқу орындарының басты өнімі елдің ертеңгі күнгі үкілі үміті бала тәрбиесімен айналысатын болашақ педагогтарды сапалы дайындауда екендігінде. Қазіргі кезде «әлеуметтік серіктестік» ұғымы педагогикалық лексиконда кең қолданылып жүргендіктен білімді басты құндылық ретінде қабылдайтын азаматтық қоғамның ерекше институты. Білім берудегі әлеуметтік серіктестік білімге қатысы бар әртүрлі әлеуметтік институттардың (жұмыс берушілер, еңбекпен қамту орындары, кәсіподақтар, мәдениет, спорт мекемелері, ата-аналар т.б.) өзара әрекеттестігі. Мұндай байланыс негізінде білім беру жүйесінің практикалық бағыттылыққа қарай өзгеруі орын алады. Бұл зерттеуде болашақ педагогтің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың теориялық мәселелері қарастырылады, практикалық шешу жолы ретінде ЖОО әлеуметтік серіктестік мекемелерімен бірлескен жұмысы алынып, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары тәжірибеден өткізіледі.