ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.84.4.016
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ҚазіргіҚазақстанда қоғамның әртүрлі әлеуметтік салаларында тиімді қолдау мен көмек көрсету үшін қажетті құзыреттерге ие жоғары білікті әлеуметтік педагогтарға қажеттіліктің өсуі байқалады. Бұл қажеттілік әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар санының артуы, білім беру сапасын жақсарту және білім беру мекемелеріне инклюзивті тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жастардың мәселелерін шешу сияқты қоғам алдында тұрған бірқатар мәселелерге байланысты. Осыған сәйкес әлеуметтікжұмыс пен педагогика саласында терең білімі, кәсіби дағдылары мен құзыреттілігі қалыптасқан, әртүрлі әлеуметтік сын-қатерлерге тиімді жауап бере алатын және халықтың әртүрлі топтарының әлеуметтік интеграциясы мен әл-ауқатына ықпал ете алатын мамандардың болу қажеттілігі артып келеді. Мақала әлеуметтікпедагогтің педагогикалық қызметке дайындығына әсер ететін факторлардыанықтауға бағытталған. Зерттеу барысында осы мәселенің негізгі аспектілері қарастырылады, әлеуметтік педагогтің дайындығы мен құзыреттілігіне әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және білім беру факторларына талдау жасалады. Зерттеудің негізгі мақсаты -осы саладағы кәсіби дайындықты одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында әлеуметтік педагогтің тиімді педагогикалық қызметке дайындығына әсер ететін факторларды анықтау болып табылады.Зерттеу әдістемесі бойынша әлеуметтік педагогтің дайындығына әсер ететін факторларды талдау үшін біз әртүрлі зерттеу әдістерін, соның ішінде әдістемелік құралдар және инновациялық әдістерді, сондай-ақ алынған деректемелерді талдаудың қолданылу аясы зерттелді.