ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕР ДАУЛАРЫ МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ (1920-1930 жж.)

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.83.4.026
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты - Ертіс өңіріндегі Кеңес өкіметі тұсындағы, яғни 1920-1930 жылдардағы жер қақтығыстарын зерттеуге арналған. Мақала мұрағат құжаттары негізінде жер дауларының қалыптасуы мен шешілуіне әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың әсерін қарастыруға, сондай-ақ қоғам мен билік органдарының осы өзгерістерге реакциясын бағалауға бағытталған. Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі зерттелетін кезеңнің мән мәтінін және маңыздылығын көрсету үшін аймақтағы ең маңызды оқиғалар мен тенденцияларды қамтитын тарихи алғышарттарға шолу жасала отырып, жер қатынастарына әсер еткен саясат пен жер реформалары қарастырылады. Авторлар Ертіс өңіріндегі жер дауларының негізгі себептерін, оларды шешу тетіктерін және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін анықтау мақсатында сол кездегі жер құқығы, сот шешімдері, әкімшілік актілері және басқа да ресурстарға қатысты құжаттамаларды талдайды. Сондай-ақ мұрағат материалдарынан нақты жер дауларына мысалдар келтіріліп, олардың негізгі субъектілері мен қақтығыстардың динамикасы қарастырылады. Жер дауларын мұрағат материалдары призмасы арқылы зерттеу Ертіс өңіріндегі жер дауларының қалыптасуы мен шешілуінің тарихи аспектілерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жер қатынастарының қазіргі проблемаларын түсіну және осындай қақтығыстарды шешудің тиімді стратегияларын әзірлеу үшін маңызды.