ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДІН: ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.83.4.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Адамзат қоғамының дамуының үздіксіз процесі сөзсіз құқыққа да, дінге де әсер етті. Сонымен қатар, қазіргі заманғы ғылым осы маңызды қоғамдық салаларды зерттеуді қажет етіп отыр. Бұдан басқа, зайыр-лы мемлекет сияқты маңызды конституциялық қағидатты іске асыру шеңберінде құқықжәне дін, діни бірлестіктер арасындағы туындайтын қатынастарды қарастыру өзекті болып табылады. Құқықты реттеу-ш іретінде қарастыра отырып, оның қоғамдағы миссиясы қоғамдық қатынастарға құқықтық реттеуші әсерететін нормативтік бастамаларды бекіту екенін мойындау керек. Құқық әлеуметтік нормативтік реттеу жүйесінің элементі ретінде басқа нормалармен өзара әрекеттесуде қоғамдық қатынастарды реттейді. Осындай элементтердің бірі ‒өзінің құндылық-нормативтік белгілерініңбір бөлігінде дін танылады. Мақалада құқық және діннің тарихи, теориялық және құқықтық аспектілерін зерттей отырып, зайырлы мемлекетте осы категорияға байланысты тұстары ғылыми тұрғыдан талданады. Ең алдымен, дін мен құқықтың өзара дамуын және байланысын қарастыруға ерекше назар аударылады. Авторлар құқықтық және діни реттеудің өзара іс-қимылын анықтау, қоғамдық қатынастарды құқықтық және діни реттеу арасындағы әлеуметтік сипатын анықтау, қолданыстағы заңнаманы қолдана отырып, құқық пен діннің қоғамдық қатынастарды реттеуші ретіндегі өзара әрекеттесуіне басты назар аудара келе, қорытындылар келтіреді.