Аңдатпа
Мақалада Ajania fruticulosa (Ledeb.) Poljak. өсімдігінен қою сығындыны алу технологиясы ұсынылған. 34 минут 40 кГц жиілікте ультрадыбыстық экстракция шарттарында 12 сағаттық ылғалдандыру және температурасы 53 °C аспайтын жағдайда, шикізат пен экстрагенттің 1:10 қатынасында, 90% этанолды пайдаланып жүргізілді. Сәйкесінше шарттарда экстрактивті заттардың шығымы 28,01% құрады. Экстракция процесінің тиімділігіне әсер ететін шикізаттың фармацевтикалық-технологиялық параметрлері зерттелді. Алынған сығынды грам-оң бактериялар Staphylococcus aureus және Bacillus cereus-ке қарсы айқын антибактериалдық қасиеттер көрсетті, сондай-ақ тышқандарға жүргізілген сынақтарда төмен уыттылығы (LD₅₀ – 5000 мг/кг) байқалды. Жасалған технология Қазақстан Республикасында патенттелген және жаңа антибактериалдық өсімдік препараттарын жасауда перспективті болып табылады.