РОБОТОТЕХНИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ СТЕНДТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘСЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.88.4.030
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ақтөбе өңірлік университеті мен Еуразия ұлттықуниверситетінің бірлескен эксперименті аясында робот техникасын оқытуда электронды стендтерді пайдалану тиімділігін бағалау бойынша зерттеу жүргізілді. Экспериментке бақылау-эксперименттік топтарға бөлінген 70 студент қатысты. Алдын ала білімді бағалау үшін 25 сұрақтық тест қолданылды. Бір семестрге созылған эксперимент нәтижелері бойынша эксперименттік топтағы білім деңгейінің статистикалық жағынан айтарлықтай жақсарғаны анықталды, бұл ретте (р)-мәні 0,0101. Сауалнама көрсеткендей, студенттердің көпшілігі оқытудың жаңа тәсілін оң бағалаған. Зерттеу нәтижелері электрондық стендтердің оқу процесіне тигізетін ықпалын және олардың робототехниканы оқыту сапасын арттыруға әсерін растайды. Бұл жаңалық робототехника мен жалпы білім беру саласын одан әрі дамыту үшін маңызды. Инновациялық тәсіл оқытудың жаңа әдістерін әзірлеуге және жоғары технологиялар саласында қажетті дағдыларды қалыптастыруғаықпал ететін білім беру технологияларын жетілдіруге негіз бола алады.