НЬЮТОНДЫҚ ЕМЕС СҰЙЫҚТЫҚ ПІШІМІ ҮШІН ЖАЛҒАН АЙМАҚТАР ӘДІСІНІҢ МОДИФИКАЦИЯСЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.88.4.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста үшөлшемді шенелген аймақта ньютондық емес сұйықтықтың стационарлық емес сызықсыз пішімі үшін үлкен коэффициенттермен жалғастырылған жалған аймақтарәдісінің бір модификациясы қарастырылады. Бұл модификация аз шамалы параметрге тәуелді және кеңейтілген(жалған) аймақта анықталған көмекші есеп түрінде берілген. Ал аталған ньютондық емес сұйықтық пішімі бастапқы есеп ретінде алынған. Жұмыстың мақсаты –көмекшіесептің қандай да бір шешімдерінің бар болуы мен аз шамалы параметрдің нөлге ұмтылған кезінде бастапқы есептің сәйкес шешіміне жинақталуын дәлелдеу және шешімдердің жинақталу жылдамдығын алу. Сонымен, бұл жұмыста көмекші есептің жалпылама шешімінің бар болуы мен бастапқы есептің сәйкес жалпылама шешіміне жинақталуы дәлелденген. Ал күшті шешімдер үшін жалған аймақтар әдісінің «классикалық» түрімен салыстырғанда жоғары жинақталу жылдамдығы алынған. Мұнда негізгі зерттеу әдістемесі –априорлы баға алу, Галеркин әдістері.